Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уимблдонда жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева Уимблдонның төртінші айналымында Латвия өкілі Елена Остапенкодан екі сетте жеңілді - 2:6, 3:6.
Матч 1 сағат 8 минутқа созылды.
Уимблдон-2024 әйелдер арасындағы жекелей сын 1-13 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы чехиялық Маркета Вондроусова.
Комментарии