«Қызылжар» футбол клубы грузиялық вингер Ираклий Бугридземен қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рақмет, Бугри!

«Қызылжар» футбол клубы сапынан грузиялық вингер Ираклий Бугридзе кетті.

Бугри командаға маусым басында қосылған еді. Осы уақыт ішінде 15 кездесуге қатысып үлгерді», - делінген клуб хабарламасында.