Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде 9 команданың өкілдері сынға түсті. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан командасы бұл жарыста 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.

Бірінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленді. Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.