Бүгін «Sibiu Cycling Tour» жарысының 2-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңдегі жеңісті «Астаналық» жас велошабандоз Макс Уолкер жеңіп алды. Екінші болып TDT - Unibet Cycling Team командасының голландиялық шабандозы Йоррен Блум келді. Q36.5 Pro Cycling Team командасының польшалық велошабандозы Шимон Сайнок үшінші болып мәреге жетті.

Осылайша, қазақстандық команданың британиялық спортшысы «Sibiu Cycling Tour» веложарысының 2-кезеңінде жеңіске жетті.