Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Ян Труфанов жақын арада астаналық «Жеңіспен» келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Алматылық клубтың түлегі елордалық командаға 2024 жылғы маусымның соңына дейін жалға алынып, кейін «Қайратқа» оралады.

Труфанов 2017 жылдан бері «Қайрат» футбол клубының жүйесінде. Ол 2022 жылы алматылықтармен кәсіпқой келісімшартқа отырды. Содан бері шабуылшы клубтың негізгі сапында 22 матч өткізіп, 4 гол соққан.

2024 жылдың 21 наурызында Труфанов Қазақстан жастар құрамасының құрамында Венгриядан келген құрдастарына қарсы ойында дебют жасады. Жастар құрамасымен екі кездесуде шабуылшы Шотландия жастар құрамасының қақпасына бір гол соқты.