Кениялық спортшы Фейт Кипьегон әйелдер арасында 1500 метрге жүгіруде жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Парижде өткен «Гауһар лигасы» сериясының кезеңінде Кипьегон бұл қашықтықты 3 минут 49,04 секундта бағындырды.

Бұған дейінгі әлемдік рекорд та Кипьегонға тиесілі және 3 минут 49,11 секундты құрайды.

Айта кетейік, 30 жастағы кениялық 1500 м қашықтыққа жүгіруден екі дүркін олимпиада чемпионы.