Алматылық «Қайраттың» ойыншылары Никита Пивкин мен шабуылшы Сэйф Попов жақын арада «Алтайдың» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Ойыншылар жаңа клубқа 2024 жылғы маусымның соңына дейін жалға беріледі.

Пивкин мен Попов «Қайраттың» түлегі. Никита 2021 жылғы маусымда «Қайрат-Москва» сапында ойнады, содан кейін ресейлік «Электрон» және семейлік «Елімай» клубтарында жалға ойнады, онымен бірге 2023 жылғы Бірінші лиганы жеңіп алды.

Попов алматылық клубтың негізгі командасына 2023 жылғы маусымда шақырыла бастады, ал биыл ол толықтай негізгі құрамда ойнады. Сэйф «Қайрат» сапында сегіз матч өткізіп, гол соққан жоқ.