Алматыда 19 шілдеге жоспарланған аралас жекпе-жектен OCTAGON 60 турнирі аясында аралық салмақта көптен күткен жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық Қастер Сарқытбек өзбекстандық Мансұр Атаджановпен кездеседі.

19 шілдеде Алматыда OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде орта салмақтағы қазіргі чемпион қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) пен өзбекстандық Ислам Болтаев (4-2) кездеседі.

Сондай-ақ турнир аясында қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өнер көрсетеді, оның қарсыласы қырғыз поп-ММА жұлдызы Елчибек «17 кг» Абдубалиев болады.

OCTAGON 60 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink