Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингінің қорытындысына сәйкес, биылғы жылдың басты додасында ел намысын 7 атлет қорғайды. Олар:

- Жанна Мамажанова (марафон)

- Нора Джеруто (3000 м кедергілермен)

- Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

- Давид Ефремов (кедергілермен 110м)

- Ольга Сафронова (200м)

- Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км)

- Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал, жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің 200-ге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.