Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонның 1/8 финалындағы қарсыласы ресейлік Анна Калинская туралы айтты:

«Өте жақсы ойыншы, биыл өте жақсы ойнады. Қазір өзіне деген сенімі зор деп ойлаймын»

Әзірше бұл теннисшілердің өзара есебі тең. 2023 жылы екі матч өткізіп, Майамиде Рыбакина жеңіске жетсе, Мадридте Калинская басым түсті.