Лига Кубогының екінші айналымы жексенбілік матчтармен аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

D тобында «Астана» өз алаңында бірінші лиганың өкілі «Каспиді» ірі есеппен жеңді, 5:0. «Шахтер» Қарағандыда «Жетісу» командасынан басым түсті - 2:1.

Қалған екі матчта «Тараз» Оралда жеңіске жетсе 2:1, «Қайрат» пен «Қызылжар» тең тарқасты 1:1.