Қазақстандық «Арлан» командасының шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарындағы қарсыластары белгілі болды.

Халықаралық хоккей федерациясы 2024/2025 жылдардағы маусымда Континенталдық кубокта ойнайтын командалар құрамын жариялады.

Аталған турнирге еліміздің қазіргі чемпионы көкшетаулық «Арлан» командасы қатысуға мүмкіндік алды. Олар 15-17 қараша аралығында жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде Е тобында «Кардифф» (Ұлыбритания), «Жилина» (Словакия) командаларымен кездеседі. Олардың тағы бір қарсыласы С тобындағы ойындар нәтижесі арқылы болады. Бұл топтағы командалар 18-20 қазан аралығында ойнайды.