Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогының суперфиналында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Еркін бағдарламада Друзин 190,1584 ұпай жинап, екінші болды. Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында қазақстандық Карина Магрупова алтыншы орынға ие болды.

Сонымен қатар, акробатикалық бағдарламада Қазақстан құрамасы (Наргиза Болатова, Этери Какутия, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жеңғазы) қола жүлдені жеңіп алды.