Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атануға ниетті екенін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған төрт атақ керек! Промоутерім жылдың соңында чемпионмен жекпе-жек ұйымдастырады деп үміттенемін. Лара немесе Адамес қайсысы болса да маңызды емес! — деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Кубалық боксшы Эрисланди Лара (30-3-3, 18 КО) WBA чемпионы, доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) WBC чемпионы. Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өткізеді. Қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО).