Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Тройеде (Франция) өткен турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші франциялық Габриэль Дебрадан 3:6, 7:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 3 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 230-орында тұр.