Бүгін, 7 шілдеде Сильверстоун трассасында «Формула‑1» жарысының Ұлыбритания Гран-приі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон топ жарды. Жеті дүркін әлем чемпионы 2021 жылдан бері алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Британиялық спортшы кейінгі рет Сауд Арабиясы Гран-приінде үздік атанған болатын.

«Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен мәреге екінші келді. Үздік үштікті «Макларен» шабандозы Ландо Норрис түйіндеді.

Формула-1. Ұлыбритания Гран-приі:

1. Льюис Хэмилтон («Мерседес») – 52 айналым2. Макс Ферстаппен («Ред Булл») +1,4653. Ландо Норрис («Макларен») +7,5474. Оскар Пиастри («Макларен») +12,4295. Карлос Сайнс («Феррари») +47,3186. Нико Хюлькенберг («Хаас») +55,7227. Лэнс Стролл («Астон Мартин») +56,5698. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +1.03,5779. Алекс Албон («Уильямс») +1.08,38710. Юки Цунода («РБ») +1.19,303