Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина да Уимблдон жарысының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үшінші кезеңде даниялық спортшы Каролин Возняцкиді 6:0, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Елена матч кезінде тоғыз эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Енді Рыбакина төртінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Калинскаямен ойнайды.