Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силькеборг» сапындағы бірінші ойынын өткізді.

Отандасымыз «Утрехт» командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға қосалқы құрамнан шықты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, Рамазан «Силькеборг» командасымен Нидерланд жеріндегі оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Даниялық клуб келесі кездесуін 9-шілдеде «ПЕК Зволле» футбол клубына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Силькеборг» командасымен 2027 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырған.