Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Түркия мен Нидерланд құрамалары кездескен болатын. Матчтан кейін қос команданың фанаттары жаппай төбелесіп, біразын полицейлер ұстап әкетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч 2:1 есебімен нидерландтықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Куман шәкірттері енді финалға шығу үшін Англиямен ойнайды.

Матчтан кейін Берлин көшелеріне шыққан жанкүйерлер бір-бірімен қақтығысқан. Олардың арасына полиция түсіп ажыратты.

Айта кету керек, ширек финалда болған төрт ойынның үшеуі тең аяқталып, жеңімпаздар овертайм мен пенальти сериясында анықталды. Ал, Түркия – Нидерланды матчы негізгі уақытта аяқталды.