Германияда өтіп жатқан футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалы аясында Англия мен Швейцария кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгінгі матчта қос команда негізгі уақытта бір-бір голдан соғып, тең түсті. Ойынның 75-минутында швейцариялық Брил Эмболо есеп ашып кетті. Оған 80-минутта англиялық Букайо Сака бір голмен жауап қайырды.

Жартылай финалға жолдама иегері тек пенальти сериясында анықталды. 11 метрлікте Англия жеңіске жетті.

1/4 финал аясында Түркия - Нидерланды (00:00) ойнайды. Ойындарды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді, ал трансляция арнаның сайтында қолжетімді болады.

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтіп жатыр, құрлық біріншілігінің матчтары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда өтеді.