Түркиялық «Бешікташ» клубының басшылығы қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновқа жаңа клуб іздеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Алғашында «Бешікташ» Зайнутдиновты «Зенитке» сатуды көздеген болатын, бірақ Қазақстан құрамасының футболшысы ол жерге қайтқысы келмейтінін мәлімдеді.

Осыған байланысты «Бешікташ» басқа нұсқаларды қарастыруда. Түркиялық БАҚ мәліметінше, клубтың жаңа трансферлер бойынша кеңесшісі Брэд Фридель Зайнутдиновқа Америка мен Еуропадан клуб іздеп жатыр.