Жеңіліп көрмеген жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсы жекпе-жек алдында Instagram желісінде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бейнежазбада боксшының жекпе-жек алдындағы спарринг даярлығы көрсетілген.

Айта кетейік, әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жек 14 шілдеде Американың Лас-Вегас қаласында өтеді.