Қазақстандық ММА лигасы Naiza Ақтауда NAIZA 62 халықаралық турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді. Лига чемпионы Олжас Абзалиев (3-0, 1 SUB, 1 техникалық нокаут) бразилиялық қарсыласы Марсио Сантоспен (19-8-1, 14 SUB, 2 КО/ТКО) жұдырықтасады. Бұған дейін NAIZA 57 турнирінде Айболат Мұратуланы мерзімінен бұрын жеңген Марсио чемпионды жекпе-жекке шақырған болатын.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде лиганың уақытша жеңіл салмақтағы титулы үшін жекпе-жек өтеді. Белбеу үшін Қырғызстандық Қаныбек Жаныбек ұлы мен украиналық Даниэль Донченко таласады.

Турнир NAIZA TV платформасында ақылы көрсетіледі. Кештің ММА жекпе-жегін Sport+ Qazaqstan арнасынан да тегін көруге болады.

Айта кетейік, турнир Астана уақытымен 18:00-де басталады.