Неміс Рудольф Меллеккермен бірге қазақстандық Денис Евсеев Карлсруэде өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде Евсеев/Меллекер жұбы Д.Аддед (Франция)/Г.Жак (Франция) жұбынан 7:6, 3:6, 5:10 есебімен жеңіліп қалды..

Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.