Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Брашовтағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда румыниялық Стефан Палосиден басым түсті - 7:5, 7:5.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандық спортшы румыниялық Филип-Кристиан Жиянуға қарсы ойнайды.