Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған УЕФА Түркия ұлттық құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралды жазалау туралы хабарламасынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы Австрия құрамасына қарсы кездесуде (2:1) ишарат жасағаны үшін екі матчқа шеттетілген болатын.

«Біздің Сыртқы істер министрлігі Германия шенеуніктерін министрлікке шақырды. Қазіргі уақытта қажетті шаралар қабылданып жатыр», - деп келтіреді Ердоғанның сөзін түрік журналисі Ягыз Сабунчуоглу.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға Еуро-2024 1/8 финалының Австрия мен Түркия құрамалары арасындағы ойын кезінде (1:2) болған. Бұл матчта Демирал дубль жасады. Голды тойлау кезінде футболшы түрік ұлтшылдарының ишаратын жасаған болатын.