Футболдан Испания құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуро-2024 1/4 финалында Испания құрамасы Германиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

51-минутта Дани Ольмо матч есебін ашты. Матч соңына қарай Германия құрамасы қыспаққа алып, таразы басын теңестіре алды. 89-минутта Флориан Фирц гол соғып, ойынды овертаймға ауыстырды.

Ал матчтың 120-минутында Испания жеңісті жұлып әкетті – Микель Мерино баспен соққы жасап, әуедегі допты қақпада тулатты.

Осылайша, турнир қожайындары Еуродағы өнерін аяқтады.

Айта кетейік, бұл жартылай қорғаушы Тони Кроостың карьерасындағы соңғы матч болды.

Енді Испания жартылай финалда Португалия мен Франция матчының жеңімпазымен кездеседі.