Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Труада (Франция) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық спортшы чехиялық Йонас Форейтектен басым түсті - 6:3, 6:3.

Айта кетейік, матч 1 сағат 40 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші келесі айналымда италиялық Лоренцо Джустиномен ойнайды.