«Қайрат» футбол клубы сербиялық 24 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт үш жылға жасалған.Позициясы: оң қапталдағы жартылай қорғаушыБойы: 175 смСалмағы: 70 келіСтаноев – «Црвена Звезда» түлегі. 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол Сербия Бірінші лигасында «Графичар» клубында жалға ойнады. 2020 жылғы жазда ол Суперлигада ойнайтын Бачка-Топола қаласының ТСЦ клубына көшіп, келесі үш маусымда өнер көрсетті.2023 жылғы жазда Юг «сары-қаралардың» қазіргі бас бапкері Александр Кержаков басқарған «Спартак» Суботицамен келісімшартқа отырды. Былтыр ол барлық турнирде 32 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.Бұған дейін Станоев Сербияның 17-19 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.