Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке арналған жаттығулардан бейне жариялады.

Лас-Вегаста 31 жастағы қазақстандық орта салмақта (15-0, 10 KO) өзінің WBO және IBF белдіктерін қорғайтын болады. Оның қарсыласы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO)

Михайлович 1997 жылы Ресейде дүниеге келген. Бір жарым жасында егіз ағасы Николаймен бірге Санкт-Петербургте Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар асырап алды.