Баскетболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Орталық Азия баскетбол қауымдастығының U18 жасөспірімдер арасындағы FIBA іріктеу турнирі Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді.

Жарыс 8-12 шілде аралығына жоспарланған.

Аталмыш додаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысады.

Іріктеудің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі. Матч 11 шілде күні өтеді.