Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда қаласынан пәтер алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 32 жастағы боксшы пәтер кілтін Қызылорда әкімімен кездесуде алған.

Айта кетейік, Қоңқабаев Париждегі Олимпиадаға қатысуға лицензия алған тұңғыш қазақ боксшысы болды. Боксшы өткен жылғы Азия ойындарында төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алып, финалға дейін жеткен болатын.

2024 жылғы Олимпиада Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бокстан Қазақстан құрамасы Францияға 10 спортшы аттанады.