Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында ең көп атлет қатысатын спорт түрі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Париж Олимпиадасында ең көп спортшы жеңіл атлетикадан сынға түссе, брейкингтен бар-жоғы 32 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, қазіргі Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің екі жүзге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.

Енді қай спорт түрінен нақтылы қанша спортшы бақсынайтынын естеріңізге сала кетсек.

Жеңіл атлетика — 1 810 спортшыЖүзу — 1 370Велоспорт — 514Футбол — 504Академиялық есу — 502Шөптегі хоккей — 384Волейбол — 384Дзюдо — 372Баскетбол — 352Нысана көздеу — 340Гандбол — 336Желкенді спорт — 330Байдарка және каноэде есу — 318Гимнастика — 318Регби — 288Күрес түрлері — 288Бокс — 248Семсерлесу— 212Ат спорты — 200Бадминтон — 172Үстел теннисі — 172Үлкен теннис — 172Садақ ату — 128Таеквондо — 128Гольф — 120Ауыр атлетика — 120Триатлон — 110Скейтбординг — 88Қазіргі бессайыс — 72Жартасқа өрмелеу — 68Серфинг — 48Брейкинг — 32