Қазақстандық теннисші Денис Евсеев германиялық Рудольф Меллеккермен жұптасып, Карлсруэде өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Евсеев/Меллекер жұбы Т.Кодат (АҚШ)/Р Стромбахс (Латвия) дуэтінен басым түсті.

Кездесу 2:6, 7:6, 10:5 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.