Бүгін жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Недовесов Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов эквадорлық спортшы Гонсало Эскобармен жұптасып, Сем Вербек (Нидерланды) / Ромен Арнеодо (Монако) дуэтімен кездесті.

Матч 6-2, 2-6, 5-7 есебімен Недовесов пен Эскобардың жеңілісімен аяқталды.