Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 52-ракеткасы Анна Данилина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифаньның Польша өкілдері Магдалена Френх – Катажина Кавамен кездесуі аса тартысты өтті.

Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Френх – Кава есе қайырды – 6:4.

Шешуші, үшінші сетте Данилина – Ифань тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:6). Екі сағат 41 минутқа созылған матчта екеуі 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Польша жұбы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Анна Данилина – Сюй Ифаньның 1/16 финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Уимблдонда ерлер арасында Александр Бублик – Александр Шевченко жұптық бәсекеде алғашқы айналымда-ақ үндістандық Юки Бхамбри – франциялық Альбано Оливеттиге жол берді – 4:6, 4:6.