«Арлан» шабуылшы Владимир Боровковпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт бір жыл мерзімге жасалған.

Өткен маусымда 30 жастағы хоккейші Қазақстан тұрақты чемпионатында 37 кездесу өткізіп, 13 (7+6) ұпай жинаған. Форвард плей-оффтың он ойынында бір шайба соқты.