Таеквондодан Қазақстан командасы Италияның Ливиньо қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Аталған жиында спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жаттығу жиынына Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар Батырхан Төлеуғали мен Сомирхон Абабакиров те қатысып жатыр.

Айта кетелік, бұл жиын Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық кезеңдерінің бірі саналады.