Қазақстандық Александр Бублик пен франциялық Артур Казо Британ ашық біріншілігінің екінші айналымын кездесуін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 23-ші ракеткасы Бублик 21 жастағы Артурды 6:4, 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Ойын екі сағат алты минутқа созылды..

Осылайша, Бублик Уимблдонның үшінші кезеңіне шықты, енді ол Томми Пол (АҚШ) - Отто Виртанен (Финляндия) жұбындағы мықтыға қарсы ойнайды.