Pound-for-pound рейтингінің бұрынғы көшбасшысы және екінші орта салмақтағы қазіргі абсолют чемпион (76,3 келіге дейін), мексикалық Сауль Альварес (62-2-2, 39 КО) қыркүйек айының ортасына жоспарланған жекпе-жегіне қарсылас іздейді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN мәліметінше, тізімге екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) және жеңіліп көрмеген пуэрторикалық Эдгар Берланга (22-0, 17) енді.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында өткен кейінгі жекпе-жегінде Альварес екінші орта салмақтағы төрт титулын қорғап, отандасы Хайме Мунгияны жеңген болатын.