Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Труада (Франция) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда швейцариялық Мик Брунольдты 6:1, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 27 минутқа созылды.

Келесі айналымда Скатов М.Ривет (Франция) - М.Эрхард (Франция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.