Бадминтоннан ұлттық құраманың бас бапкері Асқар Орманов Париж Олимпиадасына тарихи жолдама жеңіп алған Дмитрий Панарин бүгінде дайындықтың соңғы кезеңдерін өткізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дмитрий Панарин қазіргі кезде Малайзияда дайындалуда. Куала-Лумпурдағы ең мықты клубпен бірге жаттығып жатыр. Осының алдында Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында ұлттық құрамамен бірге дайындықтан өтті.

Қазір бәрі өз жарыстарына кетті. Панарин 22 шілдеге дейін Малайзияда болады. Кейін Париждегі Олимпиада ойындарына ұшып кетеміз», - деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, Дмитрий Панарин әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша жолдамаға қол жеткізді.