Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Брашовтағы (Румыния) «Челленджер» сериясындағы турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко 1/16 кезеңінде чехиялық теннисші Гинек Бартонмен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық теннисші 1/8 кезеңіне жолдама алды.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.