«Барыстың» бұрыңғы бапкері Ерлан Сағымбаев өскемендік «Торпедоға» спорттық директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 54 жастағы маман «Номад» командасында бапкер болып жұмысын бастады. Кейін ол «Барысқа» ауысты.

Маман «Астана», «Алтай-Торпедо», «Алтай», «Торпедо», «Қар Барыстары» және «Ертіс» командаларында және Қазақстан құрамасында жұмыс істеді. 2015-2016 маусымында ол «Барыс» командасын басқарды.

Ойыншы ретінде ол Қазақстан құрамасы сапында алты әлем чемпионатына және Нагано Олимпиадасына қатысты.