Қазақстанда алғаш рет жас жаттықтырушыларға арналған Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді, деп жазады Olympic.kz.

7-12 шілде аралығында Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында Халықаралық Биатлоншылар Одағының жас жаттықтырушыларға арналған курсы өтеді.

Іс-шараға 20-ға жуық қазақстандық жас жаттықтырушылар, сондай-ақ Грузия мен Қырғызстаннан келген мамандар қатысады.

Германия, Австрия және Норвегиядан келген үздік лекторлар өз білімдерімен бөлісіп, құнды тәжірибелерімен алмасады.

Айта кетелік, әлемдік федерация ұйымдастыратын курс Қазақстанда тұңғыш рет өтеді.