Бүгін Қазақстан Премьер-лигасы аясында 13-турдың финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұран» Шымкентте «Атырауды» қабылдайды. Кездесу сағат 20:00-де басталады және QFL сайтынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, турнирлік кестеде шымкенттік «Ордабасы» көш бастап, одан кейін «Ақтөбе» және алматылық «Қайрат» келеді.