Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра ресейлік файтер Магомед Анкалаевтың жекпе-жекке шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік файтер бразилиялықты UFC 303 турнирінде Иржи Прохазканы жеңгеннен кейін жекпе-жекке шақырған болатын.

«Бәрі жекпе-жекке лайық, бірақ мен мұндай сұрақтарға жауап беретін адам емеспін. Бұл туралы Дана Уайттан сұрау керек. Анкалаевпен жекпе-жек пе? Кез келген адаммен. Джамал Хилл? Жарайды», - деді Перейра баспасөз де.