Ресейлік UFC файтері Магомед Анкалаев Алекс Перейраның Лас-Вегаста өткен турнирдегі жеңісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Перейра UFC 303 турнирінің басты кездесуінде Иржи Прохазкуды нокаутқа түсірді.

«Құттықтаймын, чемпион. Қатты әсер алдым. Дана Уайт әрқашан ММА мүмкіндіктер спорты екенін айтады. Өз мүмкіндігімді алғым келеді. Маған күрес қажет емес. Сені жеңу үшін менің соққыларым да жетеді. Сені нокаутқа түсірем деп ойлайм.

Екі жыл бұрын Перейра менімен жекпе-жекке шығуға дайын емес екенін айтты. Бұл мен үшін дивизиондағы ең қауіпті қарсылас, ал мен ол үшін ең қауіпті қарсыласымын», - деп жазды Анкалаев.