Бүгін, 30 маусымда «Фельтинс-Арена» стадионында (Гельзенкирхен, Германия) Англия мен Словакия құрамалары арасында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчқа қатысатын командалардың бастапқы құрамдары белгілі болды.

Англия: Пикфорд, Уолкер, Стоунз, Гехи, Триппьер, Майну, Райс, Беллингем, Фоден, Сака, Кейн.

Словакия: Дубравка, Пекарик, Вавро, Шкриньяр, Ганцко, Куцка, Лоботка, Дуда, Шранц, Стрелец, Гараслин.

Кездесу Астана уақытымен 21:00 де басталады.