30 маусым мен 6 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионты өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Жарысқа 239 спортшы қатысады. Медальдар командалық және жекелей сында, аралас және жұптық сында сарапқа салынады.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Алан Құрманғалиев, Қадырали Қабдылуахитов, Абдулла Мамай, Ши Данян, Алихан Қадыри, Асылхан Мағмұмбеков, Алексей Маркин, Бакдаулет Сәуірбай, Сарвиноз Миркадирова, Альбина Жақсылыкова, Дарья Фу, Ақниет Амангелді, Нұрсая Нұрман, Жания Бекмухамбетова.